×

Ақтөбе облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірімдер іздестіріліп жатыр

Оларды іздеуге ПД жеке құрамы және Zello Poisk еріктілері жұмылдырылды

 Динара Амантай 18.11.2023 | 15:00
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған қыздар іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Қобда ауданы Бесқұдық ауылының тұрғындары 2009 жылы 1 сәуірде туған Қалиева Назым Қайратқызы және 2010 жылы 11 тамызда туған Қалиева Диляра Қайратқызы іздестіріліп жатыр.

Калиева Назым – басында қоңыр түсті орамалы бар, тізеге дейін түсетін қоңыр күрте, аяғында қара түсті етік, шашы ұзын қара түсті, бойы шамамен 168-170 см, дене бітімі – арық.

Калиева Диляра – тізеге дейін түсетін сұр түсті күрте, аяғында қара түсті етік, шашы қоңыр, бойы шамамен 160-173 см, арық денелі. Екеуінің де қолында рюкзак бар.

 Жоғалған кәмелетке толмағандарды іздеуге Ақтөбе облысы ПД жеке құрамы және Zello Poisk еріктілері жұмылдырылды.

Ведомство өкілдері қандай да бір ақпарат болса «102» арнасына немесе 8-776-546-66-66 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама