×

Елімізде жаңа мереке пайда болды

Қазақстанда 1 ақпан – азаматтық авиация қызметкерлерінің күні болып белгіленді

 Халық үні 17.11.2023 | 23:41
Фото: freepik.com

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, мұндай ұсыныс Қазақстанның азаматтық авиациясы соғыс және еңбек ардагерлерінің біріккен кеңесінен түскен. 

Қазақстан Республикасы көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті бұл мерекені белгілеу бойынша барлық тиісті жұмыстарды атқарды, ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастаманы қолдады, – делінген азаматтық авиация комитетінің хабарламасында. 

Мамандар бұл кәсіби мереке еліміздің азаматтық авиациясы саласындағы іс-шараларға ерекше мән беретінін және мемлекеттің жас авиaция мамандарының патриоттық рухын дамытуға ынталандыру болатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама