×

Теннисші Недовесов София турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстан спортшысы эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге қарсыластарын жеңді

 Дастан Жұмабекұлы 17.11.2023 | 18:00
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннисші Александр Недовесов Болгарияның астанасы – Софияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Ол финалда эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге британиялық Джулиан Кэш пен хорватиялық Никола Мектич дуэтіне қарсы ойнады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

1 сағат 28 минутқа созылған тартысты ойында 6:3, 3:6, 13:11 есебімен Недовесов пен Эскобар жеңіске жетті.

36 жастағы Недовесов АТР (кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 48-орында тұр. Бұл Қазақстан теннисшілер арасында үздік нәтиже саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама