×

«ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның бұрынғы басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Бас директордың орынбасары таныстарын жалған жұмысқа тартып, негізсіз жалақы шығарып отырған

 Динара Амантай 16.11.2023 | 10:50
Коллаж: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «ӨзенМұнайГаз» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тергеу барысында «ӨМГ» АҚ бас директорының орынбасары Б. Мамбетсапаевтың әрекеті іс жүзінде жұмыс істемейтін және негізсіз жалақы алған таныстарын жалған жұмысқа тарту арқылы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану деп сараланды. «ӨМГ» АҚ бас директорының тағы бір бұрынғы орынбасары Е. Карамурзаевқа ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша заңсыз тендер өткізу арқылы сатып алуға қатысқан басқа қатысушылардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, жекелеген компаниялардың мүдделерін қорғады деген айып тағылды, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Келтірілген шығын көлемі – 623 млн теңге.

Сонымен қатар, алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған 294 млн теңгені жымқырып, талан-таражға салған «ӨМГ» АҚ мұнай-газ өндіру басқармасының директоры мен жеткізушіге айып тағылды.

Барлық қылмыстық істер сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат таратуға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама