×

Алматы маңында жер сілкінді

Зілзаланың энергетикалық класы - 11.9

 Халық үні 15.11.2023 | 23:15
Фото: moskva.bezformata.com

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 20:17 кезінде Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 327 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі. 

ҚР ТЖМ «Соме» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 15 қарашада Алматы уақытымен сағат 20: 17-де 31 сек. Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 327 шақырым жерде Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың энергетикалық класы - 11.9, - делінген ресми хабарламада.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.9, тереңдігі 5 шақырымды құрады. Текелі қаласында 2 балдық жер сілкінісі сезілді. Әзірге қираулар мен зардап шеккендер туралы хабарламалар түскен жоқ. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама