×

Алматыда Есенғали Раушанов тұрған үйге мемориалдық тақта қойылды (ВИДЕО)

Ескерткіш тақта ақынның көзі тірісінде тұрған «Самал-2» шағын ауданындағы №42 үйдің қабырғасына орнатылды

 Дастан Жұмабекұлы 15.11.2023 | 17:50
Фото: kazgazeta.kz

Алматы қаласында қазақтың классик ақыны, мәдениет және қоғам қайраткері Есенғали Раушановтың құрметіне мемориалдық тақта қойылды, деп хабарлады kazgazeta.kz.

Ескерткіш тақта ақынның көзі тірісінде тұрған «Самал-2» шағын ауданындағы №42 үйдің қабырғасына орнатылды. Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты. 

Салтанатты жиында  мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Иранбек Оразбаев ақын рухына жыр арнаса, дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова Есенғали Әбдіжапбарұлына арнап арнайы жаздырып келген әнін орындады.

Іс-шараға елімізге есімі белгілі ақын-жазушылар, өнер иелері мен БАҚ өкілдері және басқа да жырсүйер қауым жиналды. Соның ішінде Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Темірхан Медетбек пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет сөз сөйледі.

Есенғали Раушановтың зайыбы Набатай Жылқайдарқызы мемориалдық тақтаның ашылуына атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама