×

Талдықорған полициясының бастығы екі айға қамалды

Ол 27 жастағы тұрғынды кабинетінде зорлады деген күдікке ілінген

 Дастан Жұмабекұлы 15.11.2023 | 15:44
Фото: Жетісу облысының ПД

Талдықорған қаласы ПБ бастығы Марат Күштібаев екі айға қамалды. Бұл туралы қалалық мамандандырылған тергеу соты хабарлады.

Марат Күштібаев 27 жастағы тұрғынды кабинетінде зорлады деген күдікке ілінген болатын. Кейін «Зорлау» бабы бойынша сараптама тағайындалды. Атышулы іс Ішкі стер министрінің тікелей бақылауында.

Күдікке ілінген полиция генералы Марат Күштібаев 2022 жылдан бері Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Ол Талғар, Іле аудандарында және облыстық әкімшілік полиция қызметіндегі лауазымды орында ұзақ жыл жұмыс істеген. 2019 жылы Алматы облысы жергілікті полиция қызметінің басшысы болып тағайындалған. Одан кейін Марат Күштібаев Жетісу облысы орталығының бас полицейі болып қызмет атқара бастаған-ды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама