×

Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған блогер жауапқа тартылды

27 жастағы әйелдің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды

 Динара Амантай 15.11.2023 | 14:45
Фото: видеодан скриншот

Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған блогер жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Lexus NX200 автокөлігінің жүргізушісі жасаған құқықбұзушылықты анықтады. Белгілі болғандай, жүргізуші көлікті қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарған. Сондай-ақ автокөлік салонында балаларға арналған арнайы орындықтың қарастырылмағаны анықталды.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен 27 жастағы әйелдің жеке басы анықталып, оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама