×

Алматы - Қорғас тасжолында апаттан екі адам қаза тапты

Үш жолаушы жақын орналасқан ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды

 Дастан Жұмабекұлы 15.11.2023 | 12:08
Фото: polisia.kz

Жол апаты Жетісу облысы Панфилов ауданындағы республикалық автожолдың 333-шақырымында болды. Алдын ала болжам бойынша, Toyota Camry-дің 29 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында 25-27 жас аралығындағы екі ер адам қаза тапты. Зардап шеккен тағы үш адам жақын орналасқан ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама