×

Шымкентте ескі мәдениет үйі Жастар сарайына айналады

Ғимарат қаланың коммуналдық меншігіне өтті

 Динара Амантай 15.11.2023 | 09:47
Фото: @gabit_syzdykbekov

Шымкент қаласында бірнеше жылдан бері қараусыз бос тұрған «Фосфоршылар» мәдениет үйі Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіріледі. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Instagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, бұрын ғимарат «Дархан групп» серіктестігінің меншігіне жататын.

Шымкент қаласының әкімдігі қалалық прокуратура мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша алгоритм әзірлеген болатын. 13 қарашада «Фосфоршылар» мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келісімге қол жеткізілді, – деп жазды Ғабит Сыздықбеков.

Ары қарай ғимаратты көпфункционалды Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіру және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

«Фосфоршылар» сарайы қаланың ең көрікті жерлерінің біріне айналатынына және халық игілігіне қызмет ететініне сенімдімін, – деді әкім.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама