×

Теннистен жасөспірімдер құрамасы үздік ондыққа кірді

Әлем чемпионатында ел намысын Полина Слепцова, Анастасия Крымкова мен Іңкәр Дүйсебай қорғады

 Дастан Жұмабекұлы 14.11.2023 | 17:39
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы қыздар құрамасы Испанияның Кордова қаласында өткен Billie Jean King Juniors Finals турнирінің қорытындысы бойынша үздік ондыққа кірді.

Бұл 16 жасқа дейінгілер арасындағы қыздар үшін алғашқы командалық әлем чемпионаты болды.

Құрама команда алдымен В тобында үшінші орынға ие болды. Бірінші ойында Аргентина командасын 2:1 есебімен жеңгенмен, Бразилия мен Ұлыбританияға жол берді.

Қосымша жарыста Қазақстан құрамасы Алжир жасағын 3:0 есебімен жеңіп, Колумбия мен Латвиядан да 2:1 есебімен басым түсті.

Осылайша, Марат Шәріповтің қарамағында жаттығатын тенниісшілер әлемнің үздік 16 командасының арасынан 9-орынға табан тіреді.

Әлем чемпионатында ел намысын Полина Слепцова, Анастасия Крымкова мен Іңкәр Дүйсебай қорғады. Ал Марат Шәріпов жарысқа команда капитаны болып барды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама