×

Илья Ильин қазақ тілін үйреніп, қазақша сөйлеп жүр (ВИДЕО)

Әлеуметтік желі қолданушыларын ауыр атлеттің тілді үйреніп жүргені сүйсінтті

 Дастан Жұмабекұлы 13.11.2023 | 12:10
Фото:instagram.com/ilyailyinforever

Ауыр атлет Илья Ильин Instagram-дағы парақшасында Милана есімді қызын туған күнімен құттықтап, видео жариялады.

Соңғы кезде ол қазақ тілін үйреніп, қазақша сөйлеп жүргенін айтты. Видеода ауыр атлет 14 жасқа толған Миланаға зор денсаулық пен бақыт тіледі.

Мен бүгін бақыттымын. Бүгін – Милананың туған күні! Ол 14 жасқа толды. Милана, жаным, мен сені сүйемін. Туған күніңмен құттықтаймын! Мен сені жақсы көремін, қызым! Мила, бақытты бол! Сен ақылды қызсың. Саған зор денсаулық, бақыт тілеймін! – деді ол видеода.  

Сосын ол қызының көз алдында 14 жасқа толып, ақылды қыз болып өсіп келе жатқанын айтты.

Ильиннің қызы оның бірінші некесінен туған. Биылғы жылдың басында ол екінші рет үйленді. Қазір оның әйелі – астаналық кәсіпкер Татьяна Гордиенко. Ал зілтеміршінің бірінші әйелі Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен гандболшы Наталья Кулакова болған. Одан жаңа айтқанымыздай, Милана есімді қызы бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама