×

Болат Назарбаевтың денсаулығы нашарлап кеткен

Осы ауруханаға 4 қарашада инфактпен түскен Қазақстанның бұрынғы президентінің кіші інісінің денсаулығы нашарлап кеткен.

 Халық үні 13.11.2023 | 00:08
Фото: kaztag.kz

Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада көліктердің көп жиналғаны байқалады, соның ішінде UD, SB нөмірлі көліктер де бар.

Orda.kz тілшісі NAA, BNA мемлекеттік нөмірі бар, болжам бойынша Әнипа және Болат Назарбаевтарға тиесілі үш көлікті байқап үлгерген.

Редакцияға белгілі болғандай, осы ауруханаға 4 қарашада инфактпен түскен Қазақстанның бұрынғы президентінің кіші інісінің денсаулығы нашарлап кеткен.

Айта кетсек, Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1997 жылдан бастап BN INVEST холдингін басқарды. 2016 жылы «Саликалы ұрпақ» қоғамдық қорын құрды. Сол жылы «Парасат» орденімен марапатталды.           

Серіктес жаңалықтары

Сараптама