×

Желіде Астанада LRT тірегінің қисайып қалған видеосы тарады

Желіде Астанада LRT құрылысы тіректерінің бірінің қисайған фото мен видеосы тарады.

 Халық үні 11.11.2023 | 07:33
Фото: t.me/qumash_kz

Желіде Астанадағы LRT құрылысы тірегінің қисайғаны түсірілген видео пайда болды. City Transpormation Systems баспасөз қызметі өкілдері құрылыс нысанын бүгін қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Желіде Астанада LRT құрылысы тіректерінің бірінің қисайған фото мен видеосы тарады.

 City Transpormation Systems (CTS) баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«10 қарашада сағат 17:00-де Тәуелсіздік даңғылында Қалдаяқов пен Панфилов көшелерінің аралығындағы LRT құрылыс алаңының аумағында бетон құйылып жатқан кезде әрі ағаш қаптауын болттармен жалғау кезінде оған жүк салынып, салдарынан ағаш қаптауы орнынан тайып кеткен, осылайша темірбетоннан құйылған тіреуіш қисайған», – делінген компанияның хабарламасында.

Қазір бұл аймақта көлік қозғалысы шектелген. Мамандардың айтуынша, құрылыс қирауға тиісті емес және тұрғындарға еш қауіп төніп тұрған жоқ.

«Қалпына келтіру жұмыстары ертең күндіз аяқталады», – дейді CTS өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама