×

Теміртауда екі жігіт көшеде жанып тұрған бағдаршамды ұрламақ болған

Олар – қаланың 22 және 35 жастағы тұрғындары

 Еркеғали Болатұлы 09.11.2023 | 17:35
фото: Midjourney нейрондық желісі арқылы жасалған кескін

Теміртау қаласының тұрғындары көшедегі бағдаршамды ұрламақ болды.

Полицияның хабарлауынша, сағат 23:30 шамасында көше қиылыстарының біріндегі жасақ 2 ер адамды байқаған. Олардың бірі бағанаға шығып, бағдаршамға жетуге тырысқан, ал екіншісі оның қасында тұрған.

Патрульдік полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Олар қаланың мас халдегі 22 және 35 жастағы тұрғындары болып шықты. Екеуі бағдаршамның ішінен сатуға немесе сындырып алуға болатын құнды зат табамыз деп ойлаған.

Қазір ҚР ҚК-нің 24-188-бабы («Ұрлыққа оқталу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама