×

Алматының тазалық сапасына қатысты өтініш қабылдайтын жаңа арна іске қосылды

Санитарлық тазалау 25 млн шаршы метр аумақта 10 мердігер ұйымның күшімен іске асырылады

 Динара Амантай 09.11.2023 | 09:58
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қалада тазалық сапасына қатысты қала тұрғындарының өтінішін қабылдау үшін Whats Арр арнасын құру туралы хабарлайды.

+7 706 689 88 98 Whats Арр нөміріне қала тұрғындары жолдарды, тротуарларды және қаланың қоғамдық пайдалану орындарын тазалауға ұсыныс немесе шағым жібере алады. Арнаның жұмыс режимі жұмыс күндері – сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Өтініштерді үлгі бойынша бір мәтіндік хабарламамен жіберу керек: Өтініш берушінің деректері, байланыс нөмірі (кері байланыс үшін), өтініштің мәні, уақыты мен күні, өтінішке қатысты нақты мекенжайы, бар болса, фотоматериал бекіту керек. Үлгі бойынша жасалмаған өтініштер, кіріс қоңыраулар, сонымен қатар, дыбыстық хабарламалар тіркелмейді.

Аулаішілік аумақтар бойынша хабарламалар қабылданбайды. Алматы қаласының көше-жол желісін тазалау жалпы ұзындығы 2 мың 698 шақырым болатын 2 мың 318 көшеде жүргізіледі. Санитарлық тазалау 25 млн шаршы метр аумақта 10 мердігер ұйымның күшімен іске асырылады. Оның 70%-ын «Алматы Тазалық» жинайды. Қысқы кезеңде бұл жұмыстарға 818 техника мен 1 240 жұмысшы тартылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама