×

Министрлік педагог-психологтердің нормативтік оқу жүктемесін қайта қарастырады

Бүгінде елімізде 8 мыңнан астам педагог-психолог жұмыс істейді

 Динара Амантай 08.11.2023 | 09:36
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрлігінде 500 оқушыға 1 маман есебінен педагог-психологтерге жүктемені азайту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Психологиялық қолдау қызметтерін күшейту мақсатында ведомство биыл тамызда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын, сондай-ақ педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтерді даярлауға қойылатын талаптарды қамтитын «Педагог» кәсіптік стандартын қабылдаған болатын.

Мамандардың неғұрлым тиімді жұмыс атқаруы үшін білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет ережелері қабылданды. Міндетті құжаттардың тізбесі қысқартылды. 8 өңірде психологиялық қолдау орталықтары құрылып, «Цифрлық кабинет» жұмыс атқармақ. Педагог-психологтердің жұмыс уақыты бекітіліп, оқыту курстары ұйымдастырылды. Мәселен, биыл 4,5 мыңға жуық педагог-психолог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Аталған шаралар балалар арасындағы келеңсіз құбылыстардың санын азайтып қана қоймай, позитивті ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік бермек, - деп атап өтті Насымжан Оспанова.

Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларын жаңарту және білім беру ұйымдарында мамандар санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, еліміздің барлық өңірлерінде психологиялық қызмет орталықтарын ашу жоспарланған.

Айта кетсек, бүгінде елімізде 8 мыңнан астам педагог-психолог жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама