×

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін

 Халық үні 06.11.2023 | 23:17
Фото: инфоблог.рф

«Қазгидромет» РМК 7-9 қарашаға ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. 

Болжам бойынша жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. 

8-9 қарашада елдің оңтүстігінде, 9 қарашада оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі деген болжам бар.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы түнде 0-8 градус аяздан 0-5 градус жылыға дейін, шығыста 2-13 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 2 градус аяз-5 градус жылыдан 3-10 градус жылыға дейін аздап жоғарлайды деп күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама