×

Елордада «Болашақты сақтау үшін табиғатты сақтау» тақырыбында ғылыми фестиваль өтті

Онда білім беру экологиясы бойынша семинарлар мен дәрістер жүргізілді

 Динара Амантай 06.11.2023 | 09:34
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Астанада «Болашақты сақтау үшін табиғатты сақтау» тақырыбында NXplorers: GYLYMI SAIAHAT ғылыми фестивалі өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілішісі.

Фестивальдың мақсаты – оқушыларды, педагогтерді, ғалымдарды, студенттерді және ғылым мен тұрақты даму мәселелеріне қызығушылық танытқандарды біріктіру. Ғылым фестивалінде білім беру экологиясы бойынша семинарлар мен дәрістер, NXplorer халықаралық әдістемесімен танысу, мектеп байқауының финалы, интерактивтер мен түрлі квесттер, мастер-кластар мен эксперименттер, викториналар мен естелік сыйлықтар ұтыс ойындары өткізілді.

Айта кетсек, фестивальге елорданың 7-11 сынып оқушылары, химия-биология ғылымдарының педагогтері, ғылым әуесқойлары мен білім беру компанияларының өкілдері қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама