×

Шағын футболдан ӘЧ: Қазақстан әуесқойлар құрамасы күміс жүлдегер атанды (ВИДЕО)

Еліміздің бас командасы Қарағандының «Биосфера» клубынан жасақталды

 Дастан Жұмабекұлы 05.11.2023 | 16:54
Фото: t.me/sportilinet

Шағын футболдан Қазақстанның әуесқойлар құрама командасы Біріккен Араб Әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медалист атанды. Еліміз құрамасы финалда Румыния командасынан айласын асыра алмады.

Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, матчтың соңында берілген 11-метрлік пенальтиде ел құрамасы қарсыластарынан 11:12 есебімен жеңілді.

Ел құрамасы биылғы әлем чемпионатында А тобында сынға түсіп, Гананы 7:0, Үндістанды 16:0, Біріккен Араб әмірлігін 2:1 есебімен жеңді.

Одан кейін Мексика құрамасынан (0:0, 2:1 – пенальтиден), Чехия командасынан (3:3, 3:2 – пенальтиден), Әзербайжан жасағынан (3:2) басым түсті.
Бұған дейін ел құрамасы 2015, 2017 жылдарда әлем чемпионатында 11-орын алған еді. 

Биылғы чемпионатқа 32 команда қатысты. Еліміздің құрама командасы Қарағандының «Биосфера» клубынан жасақталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама