×

Болат Назарбаевтың денсаулығының күрт нашарлауына не әсер еткені белгілі болды

Соңғы уақытта Болат Әбішұлына ақпараттық шабуыл көбейген

 Халық үні 04.11.2023 | 20:08
Фото: exk.kz

Бүгін отандық БАҚ-та Болат Назарбаевтың жүрек талмасымен ауруханаға түскені туралы ақпарат тараған еді. Осыған қатысты Qaz365.kz тілшісі Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорына хабарласып, мән-жайды білді. 

«Болат Назарбаевтың денсаулығы 2015 жылдан бері нашарлаған. 2017 жылы және 2021 жылы операция жасалды. Қазір жағдайы тұрақты, ауруханада ем алып жатыр. Айта кетерлік жайт, соңғы уақытта Болат Әбішұлына ақпараттық шабуыл көбейген еді. Осындай жағдайлар да оның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін», - дейді қор өкілдері агенттік тілшісіне. 

Айта кетейік, Қазақстанның экс-президентінің інісі 3 қараша күні кешке Алматының Орталық клиникалық ауруханасына ауыр халде жатқызылды. 365info.kz порталының жазуынша, алдын ала қойылған диагноз - қайталанған миокард инфаркті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама