×

ТЖМ SMS-ескертулерге қатысты мәлімдеме жасады

Ведомство өкілдері әрбір көлікте төтенше жағдайда қажетті заттардың тізімін ұсынды

 Динара Амантай 04.11.2023 | 16:30
Фото: видеодан скриншот

ТЖМ ауа-райы болжамымен танысуды және қыста алыс жолға шықпас бұрын SMS-ескертулерді қадағалауды сұрайды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдері әрбір көлікте төтенше жағдайда қажетті заттардың тізімін ұсынды:

  • дәнекерлеу шамы,
  • сымарқан,
  • доңғалақ тізбектері,
  • күрек,
  • парафинді шамдар,
  • жылы киім,
  • қажетті заттар,
  • азық-түлік пен су қоры.

Қатты аяз немесе қар жауған кезде жолда болсаңыз бірнеше автомобилмен топтасып жүру керек, себебі бұзылған жағдайда айналаңыздағы жүргізушілер көмекке келе алады, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама