×

Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінда қандай құжаттарға қол қойылды?

Оның арасында көлік байланысына қатысты бағдарлама да бар

 Дәурен Ерболат 03.11.2023 | 14:55
Фото: Telegram/Aqorda

Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында қол қойылған құжаттардың тізімі жарияланды, деп хабарлады Ақорда.

Тізім төмендегідей:

  • Астана актісі;
  • Түркі мемлекеттері ұйымы 10-саммитінің декларациясы;
  • Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  • Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  • Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
  • Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  • Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
  • 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
  • Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
  • «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;
  • Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
  • Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).

Айта кетейік, бүгін елордада Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталды. Онда Қазақстанның Палестина халқына 1 млн доллар гуманитарлық көмек беретіні белгілі болды.

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентін «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттады.

Сондай-ақ жиында Костенко шахтасындағы апатқа байланысты Түркия президенті қазақстандықтарға көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама