×

Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті: Шавкат Мирзиёев жоғары марапатқа ие болды

Ол Түркі халықтарының дамуына зор үлес қосқан

 Дәурен Ерболат 03.11.2023 | 14:14
Фото: Telegram/Aqorda

Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентін марапаттау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мен  Түркі әлемінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы бастама көтердім. Шешім бірауыздан қабылданды. Марапаттау рәсіміне қатысу үшін залға өтуіңізді сұраймын, - деді президент.

Бұған дейін елордада Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті өтіп жатқаны хабарланған болатын. Сондай-ақ жиында Қазақстан Палестина халқына 1 млн доллар гуманитарлық көмек береті белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама