×

Азаматтықтан шыққысы келетін қазақстандықтардың саны соңғы 4 жылда 15 есеге төмендеген – Ерлан Қарин

Отырыс қорытындысымен, тиісті ұсынымдар әзірленді

 Халық үні 02.11.2023 | 22:21
фото: gov.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин азаматтықтан шыққысы келетін қазақстандықтардың саны соңғы 4 жылда 15 есеге төмендегенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Бүгін ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында бірқатар лауазымды тұлғалардың есебін тыңдап, өзекті мәселелерді қарадық. Айта кетерлігі, азаматтықтан шыққысы келетін қазақстандықтардың саны соңғы 4 жылда 15 есеге төмендегені қуантады, бұл жақсы үрдіс. Нақты айтқанда, 2019 жылы мұндай адамдардың саны 1,7 мың, 2020 жылы – 0,9 мың болса, 2021 жылы – 123, ал 2022 жылы – 114 адам болған. Отырыс қорытындысымен, тиісті ұсынымдар әзірленді», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама