×

ШҚО-да ауыл тұрғыны елікті атып, етін сатқысы келген

Сонымен қатар күдіктінің көлігінен ТОЗ аңшылық мылтығы тәркіленген

 Дастан Жұмабекұлы 02.11.2023 | 12:06
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында елікті атып, оның етін сатқысы келген азамат ұсталды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс шарасында Алтай қаласының шығаберісін патрульдеу кезінде ВАЗ-2121 автокөлігін тоқтатып, көлік жүргізушісінен атып алынған еліктің етін тәркіледі.

Етті 66 жастағы ер адам көліктің салонында жасырған. Сонымен қатар күдіктінің көлігінен ТОЗ аңшылық мылтығы тәркіленді.

Табиғатқа келтірілген залал 2,4 млн теңгеден асады, – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама