×

Мемлекет басшысы Франция президентімен бірге асық ойнады

«Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі ән шашумен қарсы алды

 Халық үні 01.11.2023 | 20:54
фото: akorda.kz

Франция Президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға ресми сапарына орай халқымыздың бай мәдени мұрасымен таныстыратын арнайы «Этноауыл» көрмесі ұйымдастырылды.

Мемлекеттер басшылары бастаған делегацияны көрме алаңында Жас көрермендер театрының әртістері мен «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі ән шашумен қарсы алды. Франциядан келген жоғары мәртебелі меймандар жеміс-жидекпен безендірілген «Көк базарды», қолөнер бұйымдарын және қазақ суретшілерінің картиналарын, сондай-ақ отандық дизайнерлер әзірлеген ұлттық сән үлгілерінің дефилесін тамашалады.

Сонымен қатар шетелдік қонақтарға Ұлттық музей қорындағы экспонаттардан («Алтын адам», «Берел жылқысы», «Сармат көсемі», «Қыпшақ жауынгері» т.б) жасақталған «Ұлы дала алтыны» экспозициясы, Ықылас Дүкенұлы атындағы мұражайдағы ұлттық музыкалық аспаптар таныстырылды.

Этноауыл аумағында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макронға балуандарымыз қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін, жас жеткіншектер асық ойынын, ал саятшылар мен құсбегілер тазы иттері мен қыран құстарын көрсетіп, халқымыздың аңшылық дәстүрі туралы әңгімелеп берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама