×

Өзенмұнайгаздың кәсіподақ төрағасы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

Үкім заңды күшіне енді

 Динара Амантай 01.11.2023 | 14:45
Фото: СЖҚА Маңғыстау обл. департаменті

Өзенмұнайгаздың кәсіподақ төрағасы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 6 қазанда Жаңаөзен қалалық соты «Өзенмұнайгаз» АҚ №2 ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы кәсіподағының төрағасы Қ. Мамаевқа қатысты үкімін жариялаған.

Ол осы компанияның жүргізушісін жұмыстан босатпағаны, кейін слесарь лауазымына ауыстырғаны үшін «ӨзенМұнайГаз» АҚ лауазымды адамдарына 1,5 млн теңге пара беруге итермелегені және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Қ. Мамаевқа мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 30 млн теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, – делінген Антикор хабарламасында.

Үкім биыл 23 қазанда заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама