×

Шымкентте 85 жастағы зейнеткер өз пәтерінен өлі табылды

Туыстары құтқарушыларды шақырып, есікті бұзып кірген

 Халық үні 01.11.2023 | 07:40
Фото: Polisia.kz

Шымкенттік құтқарушылар жабық тұрған пәтерден қайтыс болған зейнеткерді тапты, - деп хабарлайды otyrar.kz.

Володарский көшесіндегі пәтерлердің бірінде 85 жастағы әйел қоңырауға жауап бермей, есікті де ашпаған.

Туыстары құтқарушыларды шақырып, есікті бұзып кірген.

Құтқарушылар ішке кірген кезде әйелдің денесін тапқан. Ол қайтыс болған. Әйелдің мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

Өлімнің нақты себебін полиция анықтайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама