×

Арина Алтухова нысана көздеуден Олимпиада лицензиясын алды

Спортшы 50 метр жерден пневматикалық тапаншадан үш позициядан оқ атуда 5-орын иеленді

 Дастан Жұмабекұлы 31.10.2023 | 15:01
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Нысана көздеуден Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Арина Алтухова Олимпиада жолдамасын алды.

Ол 50 метр жерден пневматикалық тапаншадан үш позициядан оқ атуда 5-орын иеленіп, Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болды.

Бұл – Қазақстан құрамасы үшін осы спорт түріндегі екінші лицензия. Бакуде өткен әлем чемпионатында алғашқы жолдаманы Ислам Сәтпаев иеленген болатын.

Азия чемпионаты 2 қарашаға дейін жалғасады. Онда барлығы 24 Олимпиада лицензиясы сарапқа салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама