×

Рыбакина WTA турниріндегі бірінші ойында жеңіліп қалды

Теннисшіге жартылай финалға шығу үшін қалған екі матчты жеңу керек

 Дастан Жұмабекұлы 31.10.2023 | 11:13
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина бірінші матчында жеңіліп қалды

Рыбакина әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға 5:7, 2:6 есебімен есе жіберді.

Бакалар тобында әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко рейтингте 9-орында тұрған грекиялық Мария Саккариден 6:0, 6:1 есебімен басым түсті.

Рыбакина WTA қорытынды турниріне алғаш рет қатысып жатыр. Енді ол Мария Саккаримен ойнайды. Содан кейін Арина Соболенкомен кездеседі. Теннисшіге жартылай финалға шығу үшін осы екі матчты жеңу керек. Жалпы, бұл теннисшілердің бәрі бір топта ойнайды.

Екінші топта Ига Швентек (2), Кори Гауфф (3), Онс Жабер (7) және Маркета Вондроушова (6) бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама