×

Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

Билеттің бағасы 1 500 теңгеден басталады

 Дастан Жұмабекұлы 31.10.2023 | 10:40
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Сан-Марино матчының билеттері онлайн сатылымға шыққанын хабарлады.

Бұл матч 17 қарашада «Астана Арена» стадионында болады. Ойын сағат 21:00-де басталады.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттің бағасы 1 500 теңгеден басталады.

Үш күннен кейін Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен ойнайды. Матч Люблянадағы «Стожице» стадионында Астана уақытымен сағат 01:45-те (жергілікті уақытпен 20:45) басталады.

Футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 17 қарашада Сан-Марино және 20 қарашада Словения құрамаларына қарсы өтетін ойындарға шақырылатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Сан-Марино мен Словениямен ойынға оқу-жаттығу жиыны 5 қарашада Астанада басталады. Соңғы құрам кейінірек анықталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама