×

EURO-2024: Қазақстанның алдағы матчтарға кеңейтілген құрамы жарияланды

Оқу-жаттығу жиыны 5 қарашада Астанада басталады

 Дастан Жұмабекұлы 27.10.2023 | 15:29
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 17 қарашада Сан-Марино және 20 қарашада Словения құрамаларына қарсы өтетін ойындарға шақырылатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Тізімге 40 ойыншы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»), Даниил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Роман Асранқұлов, Руслан Валиуллин (барлығы – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Александр Зуев (ИМТ, Сербия), Егор Ткаченко, Дамир Қасаболат (екеуі де – «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Самат Жарынбетов, Ислам Чесноков, Бейбіт Ғалым (барлығы – «Тобыл»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Әділхан Добай («Мақтаарал»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Мақтаарал»), Иван Свиридов («Шахтер»), Бақдәулет Зүлфикаров («Қайсар»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас жаттықтырушы, Евгений Коструб – бас жаттықтырушының көмекшісі, Руслан Балтиев – бас жаттықтырушының көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Эльшад Хинизов – сарапшы жаттықтырушы.

Оқу-жаттығу жиыны 5 қарашада Астанада басталады. Соңғы құрам кейінірек анықталады.

Еске сала кетсек, қараша айында Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында соңғы екі матчын өткізеді. 17 қарашада Магомед Адиев шәкірттері Сан-Марино командасымен ойнайды. Матч Астанадағы «Астана Арена» стадионында елорда уақытымен 21:00-де басталады. Билеттер 30 қазанда сатылымға шығады.

Үш күннен кейін Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен ойнайды. Матч Люблянадағы «Стожице» стадионында Астана уақытымен сағат 01:45-те (жергілікті уақытпен 20:45) басталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама