×

Delta Bank-тен ақша жымқырған Тілеубаев 10 жылға сотталды

Оған тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан Проблемалық несие қорына берілді

 Динара Амантай 31.10.2023 | 09:59
Фото: Halyq Uni

«Delta Bank» АҚ ісіне қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2012-2017 жылдар аралығында Н. Тілеубаев банктен қаражатты қайтарылмайтын несиелер беру арқылы алып шыққан. Тергеу барысында Н. Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді. Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен 5 млн доллар болатын, Palm Jumeirah-та орналасқан вилла бар.

Сонымен қатар, Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесін қамауға алу санкцияланды. Бұл ретте Н. Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан Проблемалық несие қорына берілді, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Сот үкімімен Н. Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетсек, Н. Тлеубаевтың және оның компанияларының заңсыз қызметінен «ҚазИнвестБанк» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «БЖЗҚ» АҚ зардап шекті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама