×

Ресейдің Қазақстандағы бас консулы тағайындалды

Оның экс-әріптесі даулы мәлімдемесімен есте қалды

 Дәурен Ерболат 30.10.2023 | 17:43
Фото: 2gis.kz

Ресейдің Алматыдағы бас консулы қызметіне кім тағайындалғаны белгілі болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ресейдің Алматыдағы бас консулы болып Тураев Дмитрий Александрович тағайындалды, - деп жазылған РФ Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Дмитрий Тураев 2018 жылдан 2023 жылға дейін РФ СІМ Консулдық департаментінде бөлім бастығы болған.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Евгений Бобров атқарған болатын. Ол ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұқбатында Қазақстандағы орыстілді сыныптардың азайғанын айтып, бұған Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігін айыптаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама