×

БҚО-да қылмыстық топ балық өнімдерін заңсыз сатумен айналысып келген

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды

 Динара Амантай 30.10.2023 | 17:30
Фото: видеодан скриншот

Батыс Қазақстан облысында балық өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласында балық пен бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын сатумен айналысатын заңсыз арнаны анықтады. Қылмыстық топ балық өнімдерін жалған құжаттармен Орал қаласындағы орталық базарларға апарып сатқан.

1 мың 520,55 келі бекіре балығы, 27,3 келі қызыл және 1,25 келі қара уылдырық, сондай-ақ 2 млн 705 мың теңге және 35,8 мың рубль ақша, тапанша, оқ-дәрілер, электронды таразы, пышақ, дүрбі тәркіленді. Ұсталған азаматтардың Батыс Қазақстан облысының тұрғындары екені анықталды, – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Заң бұзғандарға қатысты қозғалған іс жан-жақты тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама