×

Ақтауда жаппай төбелестен кейін 80-ге жуық жасөспірім полицияға жеткізілді

6 бала қамауға алынды

 Динара Амантай 30.10.2023 | 15:45
Фото: Halyq Uni

Ақтаулық полицейлер бұзақылық жасаған 76 жасөспірімді ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, әлеуметтік желіде 27-28-шағын аудандардың ортасындағы тасжол бойында бір топ жасөспірім бұзақылық жасап, бір-біріне тас, шөлмек лақтырып, төбелесіп жүрген бейнеролик тараған. Оқиға орнына полиция қызметкерлерінің жасағы барып, Ақтау қаласының полиция басқармасына 15-18 жас аралығындағы 76 бала жеткізілді.

Оның ішінде 56 кәмелетке толмағандардың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы («Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы») бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалып, 6 жасөспірім бұлтартпау шарасын қолдану арқылы қамауға алынды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама