×

Ұлттық ұлан сарбаздары енді ІІМ академиясына бірден түсе алады

Олардың жасы 23-тен аспауы керек

 Дәурен Ерболат 30.10.2023 | 14:53
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

2024 жылдан бастап әскери борышын өтегендер Ішкі істер министрлігінің академиясына Ұлттық бірыңғай тестілеусіз, бірден түсе алады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Отан алдындағы борышын өтеген сарбаз (бір жылдан кешіктірмей) білімін ІІМ-нің әскери оқу орындарында жетілдіре алады. Оның жасы 23-тен аспауы керек, – деп жазылған Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жаңа бастамаға Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріндегі әрбір шақырылымның 20%-ы ғана қол жеткізе алады.

Айта кетейік, бұған дейін әскери борышын өтегендердің ҰБТ іріктеуінсіз оқуға түсіп, шәкіртақы алатыны хабарланған еді.

Сондай-ақ бүгінде сарбаздардың 1,4 млрд теңге несиесі бар екені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама