×

Күрестен ӘЧ: Сұлтан Әсетұлы ел қоржынына алғашқы алтын медальды салды

Ол – 23 жасқа дейінгі санатта əлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны

 Еркеғали Болатұлы 29.10.2023 | 12:00
фото: gov.kz

Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Сұлтан Әсетұлы жеңімпаз атанды.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақтың финалында Сұлтан түркиялық балуан Мұстафа Йылдырымның осал тұсын тапты. Аса тартысты өткен айқас 2:1 есебімен аяқталды.

Сұлтан – 23 жасқа дейінгі санатта əлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны.

Кеше Ұлттық құрама балуаны іріктеудегі шиеленісті белдесуде украиналық Олег Халиловтан басым түскен. Сосын, Стив Момилиа (Италия) мен Муслим Имадаевты (Ресей) жеңді. Жартылай финалда Әзербайжан спортшысы Хасан Маммадлиді айқын басымдықпен тізе бүктірді (9:0).

Қазір Албаниядағы бәсекеде Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама