×

Алматыда жаңа логистикалық терминал салынады

Жобаны іске асыру жүк терминалы инфрақұрылымы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған

 Динара Амантай 27.10.2023 | 15:14
Фото: t.me/railways_kz

Бүгін Алматы қаласында логистикалық терминал салу және көлік-логистикалық қызметтер мен электрондық коммерцияның заманауи платформасын құру жөніндегі жобаны іске асыру басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жобаны ҚТЖ Сиань қаласының Құрғақ портымен бірлесіп іске асырып жатыр. Жаңа терминал «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Кедентранссервис» АҚ еншілес ұйымының жүк терминалы негізінде құрылады.

Жаңа бірлескен жобаны іске қосу рәсіміне «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы, Сиань қаласы ҚКП парткомы және Сиань қаласының Құрғақ порты қатысты.

Алматы – негізгі халықаралық маршруттар қиылысындағы маңызды көліктік-логистикалық торап.

Жобаны іске асыру жүк терминалы инфрақұрылымы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Бұл болашақта уақытша сақтау қоймаларында жүктердің едәуір көлемін сақтауға және өңдеуге, тауарларды уақтылы жеткізуге тікелей әсер ететін жүктерді өңдеу уақытын ұлғайтуға, сондай-ақ нарықтың, әсіресе электрондық коммерция нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Терминалдық және қойма мүмкіндіктерін дамыту Алматы қаласы мен Алматы облысының жүк алушылары үшін импорттық хаб режимінде ҚХР-дың барлық өңірлерінен жүктерді табысты шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Ауданы 10 гектар терминал аумағында жалпы ауданы 1 мың 400 шаршы метр температуралық режимді реттеу технологиясын қолдана отырып, заманауи қоймалар, жалпы ауданы 36 мың шаршы метр тарно-дана жүктерді және электрондық коммерция жүктерін сақтауға арналған «А» класты қоймалар салу жоспарланған. Қытай тарапы роботты сақтау мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды.

Сондай-ақ жобада 50 тонна жүк көтергіштігі бар электр кранын орната отырып, ауданы 12 мың шаршы метр контейнерлік алаң көзделген.

Жобаны іске асыру елдің транзиттік-көліктік әлеуетін кеңейтуге және Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынастарын нығайтуға қосымша серпін береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама