×

IV Азия Пара ойындары: Қазақстан 1 алтын, 1 қола жүлде алды (ВИДЕО)

Диас Кенжебек суға жүзуден екі рекорд жасады

 Дастан Жұмабекұлы 27.10.2023 | 11:44
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия Пара ойындарында Қазақстан спортшылары 1 алтын және 1 қола медаль иеленді.

Диас Кенжебек жүзуден алтын медаль иегері атанды. Ол 100 метр қашықтықты 1 минут 05:42 секундта жүзіп өтіп, Азия және Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты.

Одан кейін пара велоспорттан Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды.

Тасжолдағы пара веложарыс топтық сайысында ұлттық құрама спортшылары Кенжеғұл Сейітжан мен Антон Лаврентьев мәреге үшінші болып жетті. Олардың уақыт көрсеткіші – 1:42:52.

Алтын медальді Оңтүстік Корея құрамасы (1:35:27), ал күміс жүлдені индонезиялық пара велоспортшылар (1:42:52) иеленді.

Бүгін пара волейболдан құрама команда финалға шықты.

Волейболды отырып ойнаудан Қазақстанның ерлер құрамасы жартылай финалда Қытай командасымен алаңға шығып, 5 партияда 25:22, 25:19, 22:25, 16:25, 15:13 есебімен жеңіске жетті.

Енді финалда бас жаттықтырушы Бауыржан Тахауовтың шәкірттері Иран жасағымен бас жүлдені сарапқа салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама