×

Елімізде киік аулаудың нақты мерзімі белгіленді

Қазір олардың саны – 1,9 млн бас, оңтайлы саны – 770 мың бас

 Еркеғали Болатұлы 27.10.2023 | 10:40
фото: azh.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Аң аулау ережелеріне өзгерістер енгізді.

Атап айтқанда, еліміздің биоәртүрлілігін сақтау қауымдастығы жас және жыныс құрамы мен мекендеу ортасына қарамастан киіктерді аулау мерзімін 1 қазаннан 15 қарашаға дейін белгілеуді ұсынды.

Ақбөкендерді сақтау бойынша қабылданған шаралардың арқасында қазір олардың саны 1,9 млн бас, оңтайлы саны 770 мың бас болды, - делінген негіздемеде.

Құжат 9 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтына орналастырылған.

Ғылыми қорытындыға сәйкес, бірнеше өңірде киіктердің санының күрт өсуі, соның салдарынан үй жануарларымен қоректену және суару үшін бәсекелестікке және киіктердің ауыл шаруашылығы дақылдарына енуіне байланысты киіктердің шамадан тыс көбеюін реттеу қажет болды.

Еске сала кетсек, 1999 жылдан бастап киік санының күрт азаюына байланысты, Қазақстанда ғылыми мақсатты қоспағанда, оны 2023 жылға дейін аулауға тыйым салынған-ды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама