×

IV Параазиада: Қазақстан спортшылары тағы екі жүлде алды

Шахмат пен парапауэрлифтингтен медаль түсті

 Дастан Жұмабекұлы 26.10.2023 | 15:38
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында еліміздің шахматшылар (ТҚАЗ) командасы мен спортшы Рахметжан Хамаев пара пауэрлифтингтен қола жүлде еншіледі.

Бұл сында 1-орынды Индонезия құрамасы, 2-орынды Филлиппин командасы иеленді.

Қазақстан құрамасында шахматшылар Әлімжан Аяпов пен Серік Солтанов ойнады.

Қола жүлде пара пауэрлифтингтен Рахметжан Хамаевқа бұйырды.Ол 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 203 келі зілтемірді көтерді.

ұл ретте 1-орынды Иордания спортшысы алса, 2-орынды қытай атлеті иеленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама