×

Дастан Мұқашбеков – Азия Пара ойындарының чемпионы! (ВИДЕО)

Сөйтіп, Параазиадада Қазақстан қоржынына алтыншы алтын жүлде түсті

 Дастан Жұмабекұлы 26.10.2023 | 15:26
Фото: Туризм және спорт министрлігі, ақ жейдеде Дастан Мұқашбеков, көк жейдеде Иван Зелезняк

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Дастан Мұқашбеков ядроны 15 метр 74 см-ге лақтырып, 1-орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ осы санатта тағы бір отандасымыз Иван Зелезняк ядроны 12 метр 39 см-ге жіберіп, қола медальді иеленді. Ал екінші орын БАӘ спортшысы Алкаби Мохаммадқа бұйырды. Ол ядроны 12 метр 99 см жерге түсірді.

Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби тұрғыда шеберлігі мен жеңіске деген сенімділігін айқын көрсетті. Оған болашақта да жақсы нәтиже көрсетуін тілеймін, - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Сөйтіп, Параазиадада Қазақстан қоржынына алтыншы алтын жүлде түсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама