×

Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі тағайындалды

Үкіметтің тиісті қаулысы шықты

 Динара Амантай 26.10.2023 | 10:14
Фото: gov.kz

Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкіметтің қаулысымен Болат Қабыкенұлы Бекнияз Қазақстан Республикасының су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, – делінген хабарламада.

Болат Бекнияз 1962 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Президент жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

  • Еңбек жолын 1984 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының Қ.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының Еңбек Қызыл Ту Орденінің инженері болып бастаған.
  • 1986-1999 жылдары – ҚазКСР Ғылым академиясының Қ. Сәтбаев атындағы институтының Еңбек Қызыл Ту Орденінің кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері;
  • 1999 жылы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің бас маманы болды.
  • 1999 жылдан 2002 жылға дейін табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдарында сектор меңгерушісі, сектор бастығы, бөлім бастығы, басқарма бастығы болып жұмыс істеді.
  • 2002 жылдан 2010 жылға дейін Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдарында басқарма бастығы, директордың орынбасары, департамент директоры болып жұмыс істеді.
  • 2010-2012 жылдары – «Еуразиялық су орталығы» ҮЕҰ» АҚ директорының ғылым жөніндегі орынбасары;
  • 2013 жылы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының инспекторы қызметін атқарды. Қоршаған ортаны қорғау министрінің су мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі; Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу департаментінің директоры болды.
  • 2013-2014 жылдары – Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2014-2016 жылдары – Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2016 жылдан бастап қазірге дейін – Қазақстандағы Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы дирекциясының директоры.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама