×

Олжас Оразаәліұлы – Азия Пара ойындарының чемпионы!

Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында тағы да еліміздің жалауы көтеріліп, әнұраны шырқалды

 Дастан Жұмабекұлы 24.10.2023 | 16:09
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Азия Пара ойындарында тағы да еліміздің жалауы көтеріліп, әнұраны ойналды.

Параазиадада 73 кг салмақта өнер көрсеткен Олжас Оразәліұлы (J2 санаты) пара дзюдодан алтын медаль иегері атанды. Ол алтын медаль үшін күресте Өзбекстанның  спортшысы Феруз Саидовты жеңді.

Біздің парадзюдошымыз өзінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олжасты Азия пара ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен құттықтаймын!, – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев чемпионды құттықтау хатында.

Бүгін Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы пара дзюдодан тағы бір алтын медаль иеленді. Бұл жүлдені Ерғали Шамей жеңіп алды. Ол отандасымыз Асылан Нұрдәулетовпен финалда татамиге шықты.

Сөйтіп, ол Азия Пара ойындарының чемпионы атанса, Асылан Нұрдәулетов күміс медальге ие болды.

Олжас Оразаәліұлының алтын жүлдесі – биылғы Азия Пара ойындарындағы дзюдошылардың төртінші алтын медалі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама