×

Ерғали Шамей Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

Отандастарымыз бір-бірімен финалда татамиге шықты

 Дастан Жұмабекұлы 24.10.2023 | 14:53
Фото: Туризм және спорт министрлігі, ақ кимонода Ерғали Шамей, көк кимонода Асылан Нұрдәулетов

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында пара дзюдодан Қазақстан спортшылары Ерғали Шамей мен Асылан Нұрдәулетов финалда татамиге шықты.

Бұл жекпе-жекте Ерғали Шамей жеңіске жетті. Сөйтіп, ол Азия Пара ойындарының чемпионы атанса, Асылан Нұрдәулетов күміс медальге ие болды.

Біздің дзюдошылар тағы да керемет нәтиже көрсетті! Еліміз сіздермен мақтанады. Қазір бүкіл ел сіздерге жанкүйер болып отыр. Алдағы турнирлерде де Қазақстан гимні шырқала берсін! Жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспін, – деп Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшыларға құттықтау хатын жолдады.

Осылайша, парадзюдошыларымыз Қазақстан командасының қоржынына үшінші алтын және бесінші күміс медальді салды.

Пара Азия ойындары 22 қазанда басталды. Бүгін, Ойындардың үшінші күні біз үшін нәтижелі болды. Кеше де спортшылар елімізге бірнеше жүлде сыйлады. Параазиада 28 қазанда аяқталады. Осы кезге дейін спортшыларымыз жарыстың 14 түрінен медальдарды сарапқа салады. Биылғы сынға Қазақстаннан 131 спортшы қатысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама