×

Республика күніне орай қаламгерлер мен журналистер арасында бильярдтан турнир өтеді

Турнирдің бас төрешісі – бильярдтан әлемнің екі дүркін чемпионы Ернар Чимбаев

 Халық үні 24.10.2023 | 12:09
фото: elorda.info

25 қазан – Республика күніне орай «Elorda Aqparat» медиасеріктестігінің ұйымдастыруымен журналистер мен қаламгерлер арасында бильярд турнирі өтеді. Аталған сайыс биыл елордамызда екінші мәрте өткізіліп отыр.

Турнирдің мақсаты – Республика күні мерекесін ұлықтау, Елордадағы қаламгерлер мен журналистер арасында зиялы орта мен сұхбат алаңын қалыптастыру, бұқаралық спортты насихаттау.

Турнирге Төлен Әбдік, Қойшығара Салғараұлы бастаған елімізге белгілі ақын-жазушылар, Парламент депутаттары, журналистер, медиаменеджерлер, баспасөз хатшылары, т.б. қатысады.

Турнирдің өтетін күні: 25 қазан, 2023 жыл

Басталу уақыты: сағат 09:30

Өтетін орны: «Zodiak» ойын-сауық кешені, Қ.Мұңайтпасов көшесі, 3.

Жеңімпаздарға арналған негізгі жүлде қорынан бөлек биыл еліміз бойынша мерейтойлары аталып өтіп жатқан қазақтың қабырғалы қаламгерлері атындағы арнаулы сыйлықтар қарастырылған.

Сондай-ақ, үздік ойын көрсеткен қатысушылар «Мәдениетті ойыншы», «Алғашқы шар», «Мерген ойыншы», «Шебер ойыншы», «Үздік дуплет» аталымдарымен марапатталады. 

Турнирдің бас төрешісі – бильярдтан әлемнің екі дүркін чемпионы Ернар Чимбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама