×

Пара Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Министр жерлесімізді жеңісімен құттықтады

 Дәурен Ерболат 23.10.2023 | 14:58
Фото: Telegram/Turizm_zhane_sport_ministrligi

Қытайда өтіп жатқан Пара Азия ойындарында пауэрлифтер Давид Дегтярев алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы 187 келі зілтемірді бағындырған.

Екінші орынды қытайлық Янг Цзинланг иеленді. Ол 185 келі көтірді. Үшінші орынды вьетнамдық Ан Нгуйен Бинх (184 келі) қанағат тұтты.

Тарихи жеңіске Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пікір білдірді.

Керемет нәтиже! Давидті осынау маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл оның соңғы жетістігі емес екеніне сенімдімін, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама