×

Пара Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Ол мәре сызығын үшінші болып кесті

 Дәурен Ерболат 23.10.2023 | 09:20
Фото: Telegram/Turizm_zhane_sport_ministrligi

Қытайда өтіп жатқан Пара Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қоржынға алғашқы медальді Жаңыл Балтабаева салды. Ол параканоэда 200 метрде бақ сынап, қола медальді еншіледі.

Сондай-ақ Бибарыс Спатай Пара Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Ол пара каноэдан 43.601 секунд нәтижесімен 2-орынды иеленді.

Cонымен қатар Максим Богатырев пара каноэден қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 58.479 секунд.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама